Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Sevenhugs Smart Remote – бірегей пульт

Әрқайсымыздың үйімізде пультпен басқарылатын бірнеше құрылғы бар. Мысалы, теледидар, кондиционер, стереожүйе, үй кинотеатры немесе Apple TV, тіпті кейбірімізде Hue ақылды шамы да бар. Бұл құрылғылардың әрқайсына бөлек пульт қажет, ал бізге бәрін бірден басқаруға болатын әмбебап пульт қажет. Және CES 2017-де біз ондай пультті таптық, бұл — Sevenhugs Smart Remote.

Пульт қалай жұмыс істейді?

Түрлі компаниялар мұндай құрылғыны бірнеше мәрте жасап шығармақ болған. Бір кездері Logitech өзінің Harmony пульттер желісімен әмбебап пульт идеясына жақындаған да еді, алайда ол өнімдерді мінсіз деуге болмайды. Сондықтан Sevenhugs жұмыс істеудің жаңа алгоритмін ойлап тапты. Smart Remote бұл батырмалардың орнына 3,5-дюймдық дисплей орналасқан кішігірім пульт. Барлық басқару соңғы кездері әдетке айналған тәсілдермен — свайптер және таптермен іске асады. Пульпен бірге үш сенсор беріледі, оларды бөлменің ішіне іліп қою қажет. Бұдан кейін пульт ненің қай жерде орналасқанын түсіне бастайды. Пультке қажетті техниканы орнатасыз да, кейін Smart Remote-ты бағыттайсыз, мысалы, теледидарға бағыттап: «Бұл менің теледидарым» дейсіз. Енді пульт оны бұл жаққа бұрса, теледидарды басқару функциясын қосу керек екенін біледі. Және бұл шын мәнінде жұмыс істейді.

Пульт сенсорлардың айналасында ғана жұмыс істейді

Пульт бір құрылғыдан екіншісіне бір сәтте ауыса алады. Бұл ыңғайлы, өйткені арнаны ауыстыру үшін немесе фильмді тоқтата тұру үшін тіркелген құрылғылардың ішінен теледидарды таңдап жүрудің қажеті жоқ. Бірақ техникасы бар келесі бөлмеге өтсеңіз, жүйе жұмыс істемейді. Себебі келесі бөлмеде пульттің қалыбын кеңістікте анықтайтын сенсорлар жоқ. Бірақ Sevenhugs пульттегі режимдер арасындағы классикалық ауыстыруды қарастырған. Бұл аса ыңғайсыз болғанымен пулттің сенсорларсыз-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Sevenhugs Smart Remote қосымшалармен жұмыс істей алады

Бүгінде бұл пульт 25 000-нан астам түрлі құрылғыларды жасақтайды. Sevenhugs Smart Remote техникамен Wi-Fi, Bluetooth және инфрақызыл порт арқылы байланыса алады. Бір қызығы, техниканы басқарудан өзге, қосымшалармен де байланысуға болады. Мысалы, сіз пультті есікке қаратып Uber(такси) шақыра аласыз немесе терезеге қаратып, ауа райын біле аласыз. Мұндай пульттің идеясын, әсіресе ақылды үй жүйесінің біртіндеп дамуын ескеретін болсақ, данышпандық деуге болады. Және сырт келбеті бойынша да Smart Remote өте стильді, заманауи және ықшам көрінеді. Жиынтық док-станцияның көмегімен қуатталады.

Бағасы

Қазірде алдын ала тапсырыс беру арқылы пультті $229-ға сатып алуға болады. Кейін, пульт серияға кіргенде, оның бағасы $300-ға жетеді. Қарапайым пульт осынша ақша тұрады дегенге сену қиын. Бірақ жақсылап ойлансақ, бұл қарапайым пульттен әлдеқайда ақылды құрылығы екенін түсінеміз. Тамаша идея, орынды іске асу мен жоғары технологиялық негіз, тартымды стилді өз бойында тоғыстырған бұл зат арзан тұруы мүмкін емес.


You Might Also Like

Новости

Реклама