sn.kz
- 22 мая 2026 23:30
- 14
Шавкат Рахмоновтың әйелі: «Баламды қажетсінбейтінін айтты»
Танымал жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген мәлімдеме жасап, жұртшылықты елең еткізді. Оның айтуынша, күйеуінің туыстары тарапынан қысым болған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасылық жағдай
Әйелдің сөзінше, күйеуінің анасы қызының тойына 30 миллион теңге жұмсап, үй, көлік алып берген. Алайда, бұл жеткіліксіз болып, Шавкаттың ақшасын үнемі талап ете берген. Ол бұл жағдайға қатты ашуланып, «бумеранг бар екенін» ескерткен.
Бала туралы
Желі қолданушыларының «балаңыз туды ма?» деген сұрақтарына ол: «Ол бала керек емес деп айтып кеткен… Алла деп өз аяғыммен барып босанып, аман-есен үйге келдім. Оның мазасын алып жазып, құттықтап әуре болмаңыздар!» деп жауап берген. Бұл сөздер көпшіліктің таңданысын тудырды.
-
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 42 жыл бойы ешқандай құжатсыз өмір сүрген ер адамға көмек қолын созды. Жеке куәлігі болмағандықтан, ол мемлекет үшін «бейнесіз» болып қалып, ауыр жағдайға тап болған.