
- 17 апр. 2025 12:39
- 72
Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: Екінші сот отырысы өтіп жатыр
Бүгін кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтіп жатыр. Сот процесі ашық түрде өтіп, тікелей эфирден бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілуде.
Қылмыстық іске қатысты бірнеше адамға әртүрлі айыптар тағылған:
- Шынасыл Абзал – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі бойынша (бұзақылық) айыпталуда;
- Сакиев Равиль – 99-баптың 2-бөлігі және 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу), сондай-ақ 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталуда;
- Белгожаев Шыңғыс, Аскентай, Ильясов, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат, Қалиахмет Дидар – ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша айыпталып отыр;
- Ысқақ Думан – ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.
Іс қоғамда үлкен резонанс тудырған, сондықтан сот процесі ерекше бақылауда өтуде.