
- 21 мая 2025 15:18
- 30
"Шерзаттың өлімін мойныма ала салайын дедім":Сотта басты айыпталушы Абзал Шынасыл мәлімдеме жасады
"Шерзаттың өлімін мойныма ала салайын дедім":Сотта басты айыпталушы Абзал Шынасыл мәлімдеме жасады
Талғардағы атышулы іс бойынша басты айыпталушы Абзал Шынасыл сотта жауап беріп жатыр. Оның сөзінше, тергеу кезінде қолында асхана пышағы болғандықтан, кінәні жасыруға тырыспай, қылмысты мойныма ала салайын деп шешкен.
— "Полиция бөлімінде тергеушілер 'біреуің мойнына алмасаңдар, бәріңе бірдей топтық қылмыс деп іс қозғаймыз' деді. Сондықтан өзіме алған дұрыс деп ойладым", – дейді Абзал.
Сот отырысында айыпталушы өз түрін көрсетіп, видеоға түсіруге рұқсат берген.