Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Шерзаттың қазасына қатысты іс қайта қаралып жатыр

 Шерзаттың қазасына қатысты іс қайта қаралып жатыр,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Алматы облыстық сотында көпшіліктің назарын аударған қылмыстық іс бойынша жаңа сот отырысы басталды. Бұл жолы марқұм Шерзаттың қазасына байланысты сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралуда.

Марқұмның отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдегендей, апелляциялық тыңдау бүгін сағат 11:00-де басталды. Қорғаушының айтуынша, сотталушылар алдыңғы сот шешімімен келіспей, істі қайта қарауды сұраған.

Шерзаттың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот кінәлілерге жаза тағайындап, марқұмның туыстары әділеттің орнауын талап еткен еді. Дегенмен, сотталғандар мен олардың қорғаушылары үкімнің әділ еместігін алға тартып, апелляцияға жүгінген.

Бүгінгі сот отырысында негізгі апелляциялық шағымнан бөлек, іс бойынша өткен екі куәгер қызға қатысты қылмыстық іс те қаралуы тиіс. Бұл да тараптардың ерекше назарын аударып отыр.

Шерзаттың қазасы жұртшылықтың ашу-ызасын тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған. Қоғам белсенділері мен марқұмның жақындары істің әділ әрі ашық қаралуын талап етіп отыр.

Қазіргі таңда Алматы облыстық сотында тыңдау жалғасуда. Сот процесінің нәтижесі жақын күндері белгілі болмақ.

You Might Also Like

Новости

Реклама