Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Путиннің 1994 жылғы мәлімдемесі: Қазақстанның солтүстігін "ешқашан шетел болмаған" аймақ деп атаған

Путиннің 1994 жылғы мәлімдемесі: Қазақстанның солтүстігін "ешқашан шетел болмаған" аймақ деп атаған

Германия Сыртқы істер министрлігінің архивінен табылған жаңа құжат Ресей президенті Владимир Путиннің отарлық ұстанымының Кеңес Одағы құлағаннан кейін-ақ қалыптасқанын дәлелдейді. 1994 жылы Санкт-Петербургте Германияның консулымен кездесуде Путин Қырым, Украинаның шығысы және Қазақстанның солтүстігіне қатысты пікір білдірген.

Құжатта жазылғандай, сол кездегі қала мэрінің орынбасары болған Путин бұл аймақтарды «ешқашан шетел болмаған, әрдайым Ресейдің құрамында болған» деп сипаттаған. Оның айтуынша, Батыс елдері Ресейдің мұндай ұстанымын «империализм» емес, «ұлттық мүддені қорғау» деп түсінуі керек.

Бұл мәлімдеме Путиннің кейінгі саясатымен толық үндес. 2014 жылы ол: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған», ал 2021 жылы: «Қырым – әрдайым біздікі» деген мәлімдемелер жасап, көрші елдердің егемендігіне күмән келтіретін көзқарасын ашық айтқан.

Қазақстан тарапынан мұндай шектеулі ұстанымдарға бірнеше мәрте жауап берілген. Мәселен, 2020 жылы Мемлекеттік дума депутатының арандатушылық пікіріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл жерді қазақтарға ешкім сыйлаған жоқ!» деп нақты жауап қатқан.

Тарихи құжаттар мен қазіргі геосаяси мәлімдемелер Ресей билігінің кеңестік кезеңнен кейін де аймақтық үстемдікке ұмтылуын тоқтатпағанын көрсетеді.

You Might Also Like

Новости

Реклама