Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
"Шоу жасаған" деп сынға ілінді: Қарақат Әбілдина әкесіне арнап ас берді

Әнші Қарақат Әбілдина әкесінің 20 жылдығына орай ас берді. Алайда, бұл шараның ұйымдастырылу мәнері көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары бұл жағдайды «шоу» деп атап, сынға алды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкеге арналған ас тойға ұқсап кетті

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесін еске алып, оның туған күніне арнап дастархан жайғанын жазды. Қарақат Әбілдина әкесінің биыл тоқсанға толар еді деп, оның тәрбиесі мен қалдырған ізінің мәңгі есте қалатынын айтты. Ауызашарға әншінің әріптестері мен танымал тұлғалар, соның ішінде Бекболат Тілеухан да қатысты. Шарада Алтынай Жорабаева бастаған әншілер ән шырқап, кейбір қатысушыларға шапан жабылған.

Желідегілер наразылық білдірді

Ас беру рәсімінің тойға ұқсап кеткені желі қолданушыларының ашуын келтірді. Олар әншінің бұл әрекетін сынға алып, пікірлерін жарыса жазды. Кейбір пікірлер мынадай болды:

Желідегілердің айтуынша, мұндай шараларда тек Құран оқылып, дұға жасалуы тиіс. Ал ән айтып, шапан жабу – тойдың белгісі.

Новости

Реклама