
Фото: Envato
- 22 авг. 2025 13:01
- 18
ШҚО-да екі әйелді жантүршігерлік жағдайда пойыз басып кетті
ШҚО-да екі әйелді жантүршігерлік жағдайда пойыз басып кетті
ШҚО-да екі әйелді пойыз басып, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Infohub.kz.
Қайғылы жағдай бүгін, 22 тамыз күні сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 аралығында болған.
Пойыз машинисі теміржолға шығып кеткен әйелдерді көрген бойда шұғыл тежеуді қолданған. Бірақ пойызды тоқтату мүмкін болмапты.
«Оқиға салдарынан бір әйел оқиға орнында жан тапсырып, екіншісі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.