
Фото:Kaztag.kz
- 22 авг. 2025 13:48
- 19
«Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды
«Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақтелекомға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Infohub.kz.
Тергеу жүргізуге Қазақтелекомның бағаны жоғарылатқаны себеп болған.
Мәселен, 2024 жылы Қазақтелеком ұсынатын интернет тарифтері 20 пайызға дейін өскен. Бұл монополиялық жоғары баға белгілеу әрекеті ретінде қаралып отыр.
Сондай-ақ, көпқабатты үйлерге балама операторлардың интернет желісін кіргізу қиындаған. Кабельдік инфрақұрылымға қосылу үшін операторлардан ақы талап етілген. Ал заңда ондай талап көзделмеген.