Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Шымкент әкімі Жеңістің 80 жылдығына орай қос ардагерге көлік табыстады

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков бүгінде тірі қалған екі майдангер — Нина Егоровна Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлын арнайы құттықтап, оларға жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.

Ардагерлерге Мемлекет басшысы мен Қорғаныс министрінің құттықтау хаттары мен «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары тапсырылды. Қала аумағында қос жауынгерге арналған шерулер ұйымдастырылып, ерліктеріне тағзым жасалды.

98 жастағы Нина Мосунова — Татарстанда дүниеге келіп, майданға телеграфист ретінде аттанып, зениттік бөлімде радистер командирі болған. Соғыстан кейін Шымкентке қоныс аударып, түрлі мекемелерде еңбек етті. Ол — бір баланың анасы, екі немере мен бес шөберенің ардақты әжесі.

Ал 99 жастағы Мұраталы Төлепбергенұлы — Жаскешу ауылында туып, 18 жасында соғысқа аттанған. Бресттен Германияға дейінгі шайқастарға қатысып, Жеңісті Биттенберг қаласында қарсы алған. Елге 1950 жылы оралған ардагердің жадында майдан жолы әлі күнге жаңғырып тұр.

You Might Also Like

Новости

Реклама