Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Шымкентте 14 жастағы бала 12 метрлік құдыққа құлап кетті

Шымкент қаласында жеке үй ауласындағы тереңдігі 12 метрлік құдыққа 14 жастағы жасөспірім құлап кетті. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құдықтың іші құрғақ болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен баланы аман-есен шығарып алды. Кейін жасөспірім жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Құтқарушылар азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігін үнемі қадағалауға шақырды. Әсіресе, ашық құдықтар мен басқа да қауіпті орындарға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін Ақтөбеде де осындай жағдай болған. Ол кезде 7 жасар бала үй маңындағы ашық құдыққа құлап, жанынан өтіп бара жатқан студенттің арқасында аман қалған еді.

Новости

Реклама