Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Шымкентте көпбалалы әкенің баспанасы сот дауына ұласты

Шымкент қаласында тұратын көпбалалы отбасы бір сәтте баспанасыз қалуы мүмкін еді. Тұрақты төлем жасай алмаған тұрғынның мәселесі сотқа дейін жетіп, тек медиация арқылы оң шешімін тапты.

Бастапқыда үш бөлмелі пәтерді жалға алып, кейін оны сатып алу шартымен ипотекалық келісімге отырған ер адам белгіленген төлемдерді кешіктіре бастаған. Жиналған берешек көлемі екі миллион теңгеге жуықтаған кезде, ипотекалық ұйым азаматтық сотқа жүгініп, шартты бұзу және тұрғынды үйден шығару туралы талап қойды.

Даулы іс апелляциялық деңгейге дейін көтеріліп, ақыры екі тарап келісімге келген. Сот тараптарды татуластырып, пәтерден шығару талабын қабылдамады. Осылайша, көпбалалы отбасы баспанасын сақтап қалды.

You Might Also Like

Новости

Реклама