
- 15 июл. 2025 03:30
- 18
Зеленский АҚШ өкілімен Киевте кездесті
Украина президенті Владимир Зеленский 14 шілде күні АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогпен Киевте жүздесті. Сапар барысында Келлог пойызбен Украина астанасына келген.
Кездесу жайлы пікір білдірген Зеленский оны нәтижелі әрі маңызды деп атады. Оның айтуынша, тараптар Украинаның әуе шабуылынан қорғану жүйесін күшейту, Еуропамен бірлесіп қорғаныс өнімдерін шығару және сатып алу жолдарын талқылаған. Сонымен қатар, Ресейге және оған жанама түрде қолдау көрсетіп отырған мемлекеттерге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесі де күн тәртібінде болған.
Украина басшысы Вашингтонның шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді. Оның сөзінше, Ресейдің агрессиялық әрекеттерін тоқтатудың жалғыз жолы – оған қарсы нақты әрі қатаң шаралар қолдану.
АҚШ өкілі Келлог Киевте осы апта соңына дейін болуды жоспарлап отыр. Reuters агенттігі мәлімдегендей, кездесуден кейін көп ұзамай қалада әуе дабылы қосылған.