Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 21 мая 2026 03:30
- 20
«Сондай адамдардың жанында жүруге қорқамын»: Мақпал Жүнісова Зейнеп Ахметова туралы пікірін айтты
Белгілі әнші Мақпал Жүнісованың айтуынша, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың сөздерінен көп нәрсе түйген. Әншінің сұхбаттарының бірінде Зейнеп Ахметованың өмірлік тәжірибесі мен ұстанымы кез келген адамға ой салатынын айтып, оның айтқан сөздерінен көп нәрсені көңіліне алғанын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыннан сабақ алдым
Мақпал Жүнісова батырдың келіні болудың өзі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Ол Зейнеп Ахметованың әр сөзінің салмақты екенін айтып, өзіне бағытталған сыннан да сабақ алғанын жасырмады. «Біраз нәрсе айтты, көп дүниені көңілге түйіп алдым. Ондай адамдардың жанында жүрудің өзі жауапкершілік. Кейде тіпті қорқасың. Өйткені олар әр әрекетіңе, сөзіңе мән береді», – деді әнші.
Желідегілер әншінің сабырлылығын қолдады
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың сабырлы ұстанымына риза болып, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік оның сынды дұрыс қабылдай білетінін және кез келген жағдайда байыппен жауап беруге тырысатынын ерекше атап өтті. «Қандай жағдай болса да сабыр сақтап отыр. Мұндай мінез екінің бірінің қолынан келмейді», «Өте дұрыс айтты. Пенде болған соң қателік те болады, бастысы – оны түсініп, қорытынды шығара білу», «Мақпалдың жақсы қасиеті – кешірімділігі мен парасаттылығы. Сондықтан да халықтың ықыласына бөленіп жүр», – деп жазды желідегілер.
Оқырмандардың пікірінше, әншінің қарапайымдылығы мен үлкенге құрметі көпке үлгі. Олар Мақпал Жүнісованың эмоцияға берілмей, сабырмен жауап қатқанын жоғары бағалады.