
- 17 июл. 2025 22:52
- 23
Таиландта бірнеше жыл бойы иттермен бірге өмір сүрген бала табылды
Таиландта бірнеше жыл бойы иттермен бірге өмір сүрген бала табылды
Анасы жәрдемақы алып тұрған, бірақ бала мектепке бармаған
Таиландта адам сенгісіз жағдай орын алды: бірнеше жыл бойы иттермен бірге өмір сүрген бала құтқарылды. Жергілікті биліктің мәліметінше, баланың анасы мен 23 жастағы ағасы есірткіге тәуелді болған. Әйел мемлекеттен баланың оқуына арналған 400 бат (шамамен 6 500 теңге) көлеміндегі жәрдемақыны үнемі алып отырған, алайда бала мектепке бармаған.
Құтқарылған кезде бала сөйлемеген, тек итше үріп, төрт аяқтап жүрген. Ол жануарлардың әдеттерін толықтай сіңіріп, адамдардан қашып, иттермен ғана уақыт өткізген.
Қазіргі таңда бала балалар орталығына жеткізіліп, арнайы мамандардың қамқорлығына алынған. Мамандардың айтуынша, ол бейімделу кезеңінен өтіп жатыр, бұл – ұзақ әрі күрделі процесс болуы мүмкін.
Бұл оқиға Таиланд қоғамында үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік қызметтердің әлсіздігін, әсіресе балаларды бақылау тетіктерінің жеткіліксіздігін көрсетіп отыр.