
- 16 мая 2025 08:47
- 33
«Талибан» қозғалысы Afghan Film киностудиясының жұмысын тоқтатты
Кабул билігіндегі «Талибан» қозғалысы елдегі жалғыз мемлекеттік кино мекемесі – Afghan Film киностудиясының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Infohub Amu.tv-ға сілтеме жасап.
Ресми мәлімдеме жоқ болса да, студия қызметкерлеріне мекеменің құрылымы таратылғаны және жұмысын тоқтатқаны хабарланған. Afghan Film 1968 жылы Ауғанстан королі Мұхаммед Захир шах кезінде құрылған және елдегі кинематография мен деректі фильмдердің дамуына негіз болған.
2021 жылы «Талибан» Кабулды басып алған соң студия қысқартылған режимде ғана жұмыс істеді, жаңа жобалар жүзеге аспады. Студияда 1990-жылдардағы алғашқы «Талибан» билігі кезінде сақталған құнды киноархив бар, бірақ оның тағдыры қазір белгісіз. Мәдени мұраларды сақтау мамандары архивтің қараусыз қалуы, цензураға ұшырауы немесе жойылу қаупі бар екенін атап отыр.
-
Алматы облысы, Өтеген батыр ауылындағы қонақ үйлердің бірінде 6 мамырға қараған түні жүргізілген рейд кезінде 33 жастағы азамат пен 13 жасар қыз анықталды. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау орган...
-
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға тыйым салынды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, өткен жылы ...