Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстандағы ең бай адам атанды

Кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстандағы ең бай адам атанды

"Forbes" журналының 2024 жылғы тізімі бойынша Тимур Турлов өз байлығын 5,8 миллиард доллардан 7,2 миллиард долларға дейін ұлғайтты. 8 мамырдағы тізімде ол 5,8 миллиард доллар капиталымен екінші орында тұрса, 15 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, байлығы 7,2 миллиард долларға жетіп, Қазақстандағы ең бай адамға айналды. Бұған дейін бірінші орынды 7,1 миллиард доллармен Вячеслав Ким иеленген еді.

Үшінші орында Владимир Ким (5,7 млрд доллар), ал Динара мен Тимур Құлыбаевтар – әрқайсысы 5,5 миллиард доллар капиталымен тұр. Тимур Турлов 2010 жылдары отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген, қазіргі таңда Алматыда тұрады. 2022 жылы ол Сент-Китс және Невис төлқұжатынен бас тартып, Қазақстан азаматтығын алған.

Сонымен қатар, Тимур Турлов әлемдік миллиардерлер рейтингінде 463-орында тұр.

You Might Also Like

Новости

Реклама