Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Тамара Асардың жаңа әні «Телефонды қой, қолымнан ұста» жұртқа ұнамады

Танымал әнші Тамара Асар жақында ғана әлеуметтік желіде жаңа әнін көпшілікке таныстырды. «Телефонды қой, қолымнан ұста» деп аталатын туындысы тыңдармандар арасында қызу пікірталас тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әннің өзектілігі

Әншінің айтуынша, жаңа туындысы бүгінгі қоғамда өзекті тақырыпқа айналған телефонның адам өміріне әсері туралы сыр шертеді. «Телефонның пайдасы мен зияны бірдей. Сол телефонның зияны шектен шықпасын деген оймен «Телефонды қой» деген ән жарыққа шығуда…», - деп түсіндірді әнші.

Желі қолданушыларының пікірі

Алайда, әнге қатысты желіде түрлі пікірлер айтылуда. Кейбір тыңдармандар әннің мағынасын жоғары бағалап, оны қазіргі жастарға айтылар өсиет ретінде қабылдаса, енді біреулері әншінің бұл әні өзіне жараспайтынын, оны салмақты әндерімен ғана танитынын жеткізді.

«Тамара ханым, сізге мына ән келмейді», «Сізді салмақты әнмен ғана білеміз», «Мағынасы зор», «Қазіргі жастарға айтатын өсиет екен» деген сияқты пікірлер әлеуметтік желіде көптеп кездесті.

Новости

Реклама