Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Тәуелсіздік - тұғырым
Сценарий тақырыбы: Тәуелсіздік - тұғырым
Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі (хабарланбайды)
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз! Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

2 - жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. Міне содан бері 30 жыл!
Тәуелсіздігімізге арналған мерекелік кешімізді еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Дәндібаев Сағындық Мұхамедияұлына беріледі.
Ән «Туған жер» орындайтын 9 - сынып оқушысы: Текебай Кәусар

1 - жүргізуші: Мейіржан, сен білесің бе Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не екенін?
2 - жүргізуші: Иә, білемін. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10. 00 - да бар - жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.
Осы 17 - 18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз Қазақ қыздарын
Омондар бастан тепкен күн,
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір дауа
Ер қайрат қыршын кеткен күн.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» 8 - сынып оқушысы: Зияда Ерлан

Тәуелсіздік - тұғырым. жүктеу

You Might Also Like

Новости

Реклама