
- 16 июл. 2025 09:34
- 43
Темекі тұтыну азайды: Қазақстанда шылым шегетіндер саны қысқарды
Темекі тұтыну азайды: Қазақстанда шылым шегетіндер саны қысқарды
2024 жылмен салыстырғанда темекі шегушілер үлесі 3,2 пайызға төмендеген
Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметінше, елімізде темекі шегетіндердің үлесі азайған. 2024 жылы халықтың 20,7 пайызы шылым шексе, биыл бұл көрсеткіш 17,5 пайызға дейін төмендеген.
Сауалнама барлық облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жүргізіліп, 12 мың үй шаруашылығынан бір мүшеден қатысты. Зерттеу нәтижесі ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты да көрсетті: ауыл тұрғындарының 19,1 пайызы темекі шексе, қалада бұл көрсеткіш 16,7 пайыз.
Темекі тұтынушылардың басым бөлігі – өнеркәсіптік жолмен өндірілген сигареттерді шегетіндер (93,8%). Гендерлік бөлініске келсек, ер адамдардың 34 пайызы шылым шегеді, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш – 5 пайыз.
Мамандар бұл үрдісті салауатты өмір салтына бетбұрыстың және қоғамдық ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесі деп бағалап отыр.