Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ұлытау облысында прокурор қызметін атқарған азамат алаяқтық үшін сот алдында жауап берді

Ұлытау облысында прокурор қызметін атқарған азамат алаяқтық үшін сот алдында жауап берді,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Қызылордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті жүргізген арнайы операция барысында Сәтбаев қалалық прокуратурасының қызметкері Самат Қаниев қолға түсті. Ол қылмыстық істі оң шешіп беремін деп сендіріп, бір азаматтан 1 миллион теңге көлемінде ақша алған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қаниев кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кету керек, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

You Might Also Like

Новости

Реклама