Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Теңге құлдырады: доллар бағамы 6 теңгеге өсті

Бүгін, 14 мамырда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 6,18 теңгеге өсіп, 474,04 теңгеге жетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банктің 14 мамырға белгілеген ресми бағамы 467,63 теңге болды.

Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:

Астанадағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған болатын. Ол жылдық 18 пайыз деңгейінде және +/- 1 пайыздық пункт дәлізінде сақталды. Кейінірек реттеуші органның басшысы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені жақын арада төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Ұлттық банктегілер сәуір айының қорытындысы бойынша теңгенің бағамы 3,1 пайызға нығайып, долларға 463,09 теңгеге жеткенін хабарлаған еді. Бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) валюталық үлесінің 40 пайыздан төмен түсуіне әкелді. Теңгерімді қалпына келтіру үшін реттеуші 500 миллион доллардан астам сомаға шетел валютасын сатып алды.

Новости

Реклама