Последнее обновление

(Время обновление 10 минут назад)
Теңге құны құлдырап, доллар 500 теңгеден асты

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,91 теңгеге өсіп, 502,60 теңге болды. Бұл көрсеткіш доллардың 500 теңгелік «психологиялық межесін» қайта аттағанын білдіреді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық Банктің 2 наурызға белгілеген ресми бағамы – 497,56 теңге.

Айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы

Kurs.kz мәліметінше, Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы келесідей:

Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:

Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі валюта нарығындағы жағдай мен теңгенің ақпан айындағы бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдірген болатын. Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 0,7 пайызға нығайып, 497,69 теңгеге жеткен. Қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі айына 306 миллион доллардан 335 миллион долларға дейін артты. Жалпы сауда көлемі 6,7 миллиард долларды құрады.

Сондай-ақ, 23 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған еді. Ол бұрынғы деңгейде – 18 пайыз болып сақталды. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл мөлшерлеме алдағы алты айда осы деңгейде қалуы мүмкін. Бұл инфляциялық қысымды тежеуге және бағаның өсуін бәсеңдетуге бағытталған. Алайда, егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын одан әрі қатайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Новости

Реклама