
- 05 мая 2025 14:15
- 35
«Төңкерісті бізсіз тоқтата алмас едіңдер»: Орыс азаматының жазбасы бойкотқа себеп болды
Желіде Smart Coffee кофеханалар желісінің иесі Евгений Глинскиге қатысты дау өршіп тұр. Оның 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы туралы жазған «Төңкерісті бізсіз тоқтата алмас едіңдер» деген пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Осы пікірдің скриншоты кеңінен тарап, жұртшылық Smart Coffee-ға бойкот жариялай бастады. Кейбір тұтынушылар 2GIS қосымшасында теріс пікірлер қалдырса, енді бірі Instagram парақшаларына наразылықтарын білдіруде.
Кейін Евгений Глински бұл пікірді өзі жазбағанын айтып, аккаунтына шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол көпшіліктен кешірім сұрап, жағдайды түсіндіруге тырысты. Алайда желі қолданушылары кофехананың аты өзгергенін байқап, бұл әрекетті хейттен құтылудың амалы деп бағалауда.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бұған дейін де болған: «Қазақ тілін білуге міндетті емеспіз» деген даулы пікірінен кейін Qazaq Coffee кофеханасы жабылған болатын.