Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Тоқаев Армения Ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады. Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, оның сапасы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Тоқаев заң шығарушы органдар арасындағы ықпалдастықты кеңейту – елдер арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың кепілі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі ретінде атап, екіжақты қарым-қатынастың тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар негізінде дамып келе жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде Ален Симонян Қазақстанға көрсеткен қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, парламентаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол Арменияның Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты жандандыруға мүдделі екенін және сауда-саттықты арттыру үшін нақты шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.

Кездесу барысында армян тарапы Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт бастамаларына ризашылығын білдірді. Қос тарап та қазақ-армян қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейілді екенін нақтылады.

You Might Also Like

Новости

Реклама