Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Таразда мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевке шабуыл жасалды

Тараз қаласында Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты, адвокат Нұрлан Байғазиев соққыға жығылды. Оқиға 13 мамыр күні кешкісін жергілікті кафелердің бірінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, шабуыл кастетпен жасалған болуы мүмкін.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Байғазиев сол жақ бет сүйегінің сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Жарақат ашық болмағанымен, науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алайда ол ауруханада жатудан үзілді-кесілді бас тартқан.

«Науқас сол жақ бет сүйегінің сынуы диагнозымен түсті. Теріде жарақат болмаған. Барлық медициналық көмек көрсетілді. Госпитализация ұсынылды, бірақ науқас одан бас тартты», – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Оқиғаға қатысты полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталып, ол полицияға жеткізілген.

«Қазір қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

You Might Also Like

Новости

Реклама