Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Трамп: "Қытай ертеңге дейін баж салығын алмаса, біз 50% қосымша салық енгіземіз!"

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда қатынасына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, егер Қытай тарапы ертеңге дейін Америка тауарларына салынған 34%-дық баж салығын алып тастамаса, АҚШ жауабын қатайтып, қосымша 50%-дық салық енгізуге дайын.

"Бұл әділетсіз сауда. Біз өз өнімдерімізге шектеу қойылуына төзе алмаймыз. Егер жағдай ертеңге дейін шешілмесе, Қытай тауарларына 50% қосымша салық енгіземіз", – деді Трамп.

Бұл мәлімдеме жаһандық нарықтағы ахуалға тікелей әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, екі ел арасындағы сауда шиеленісі қайта ушығуы ықтимал.

You Might Also Like

Новости

Реклама