
- 30 авг. 2025 00:39
- 205
Түркіменстанда семіз әртістерге сахнаға шығуға тыйым салынды
Түркіменстанда семіз әртістерге сахнаға шығуға тыйым салынды
Түркіменстан билігі мәдениет саласындағы әртістерге қатаң талап қойды. Енді қарыны бар әншілер мен актерлер 27 қыркүйек – Тәуелсіздік күніне дейін арықтап, сымбатты қалыпқа келуге тиіс. Әйтпесе, сахнаға шығуына шектеу қойылады.
Жаңа ережеге сәйкес, бұл талап барлығына ортақ: тіпті еңбек сіңірген халық әртістеріне де жеңілдік қарастырылмаған.
Жергілікті өнер иелерінің айтуынша, мұндай талапты орындау оңайға түспейді.
– «Ет пен көкөністің бағасы қымбаттап кеткен. Жаттығу залына жазылу 1000 манат тұрады. Ал біздің орташа айлық жалақымыз небәрі 3000 манат», – дейді есімін атамауды сұраған әртістердің бірі.
Ресми органдар мұндай шектеудің себебін түсіндірмеді. Дегенмен қоғамда бұл бастама әртістердің сыртқы келбетін қатаң бақылауға алу әрекеті ретінде бағаланып отыр.