Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Түркістан облысы полиция басшысын сынаған блогер Рүстем Ашетаев ұсталғаны жайлы ақпарат тарады

Түркістан облысы полиция басшысын сынаған блогер Рүстем Ашетаев ұсталғаны жайлы ақпарат тарады,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Әлеуметтік желіде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовті сынаған жазбалар жариялаған жергілікті блогер Рүстем Ашетаевтың бопсалау күдігімен ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл деректі ресми орындар әзірге растаған жоқ.

Блогер соңғы жазбаларында Қабденовтің қабылдауына бірнеше рет кіре алмағанын, оның орнына орынбасарынан тек «уәде» естіп қайтқанын айтқан. Сондай-ақ Арыс ауданында шетелдік жұмысшыларға қатысты рейд кезінде полицияның әрекетсіздігін сынап, ұсталған 43 шетелдіктің біразының қайтадан «жоғалып кеткенін» мәлімдеген. Бұл жағдайды ол «сорақылық» деп бағалаған.

Ашетаев полицияда заңсыздықтар бар деп санайтынын ашық жазып, генералдың отставкаға кетуін талап ету мүмкіндігін де көтерген. Қазіргі уақытта оның ұсталғаны туралы мәліметке байланысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

You Might Also Like

Новости

Реклама