Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Аида Балаева Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Аида Балаева Шымкентке жұмыс сапарымен келді,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкентке келді. Бұл — министрдің мегаполис пен Түркістан облысына жасаған алғашқы сапары емес. Бұған дейін ол өңірде бірнеше рет болып, бірқатар маңызды іс-шараларға қатысқан.

Алдыңғы сапарларында Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдап, олардың әлеуметтік және мәдени мәселелерін тыңдаған. Сондай-ақ Түркістандағы тарихи-мәдени нысандарды, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, олардың жай-күйімен танысқан.

Министрдің өңірге келуінің тағы бір мақсаты — жаңа жобаларды талқылау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Балаева Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу мәселесін көтерген болатын.

You Might Also Like

Новости

Реклама