Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Түркістан облысында анасы жұмысқа кеткенде, екі ұлы суға кетті

Түркістан облысындағы Келес ауданында ауыр қайғы орын алды. Асқан өкінішке орай, анасы жұмысқа кеткен кезде екі ұлы суға кетіп, қаза тапты. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Ошақты каналында болған. 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диас есімді балалар суға кеткен. Тәулік бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, ақыры екі баланың да денесі табылды. Бірі ауыл маңынан, екіншісі шамамен 1 шақырымдай қашықтықтан шығарылды.

Отбасының қайғысы

Жеті баланың анасы Айгүл Тамашеваның бұл күні таңғы бесте жұмысқа кеткені белгілі болды. Мүгедектігі бар күйеуі де нәпақа табуға шығып кеткен соң, үйдің үлкен қызы іні-сіңлілеріне қарап қалған. Алайда, анасының айтуынша, үлкен қызы апасына дәрі апаруға шыққан сәтте, кіші екі ұлы каналға қарай жүгіріп кеткен.

Анасы әлі де бұл қайғылы жағдайға сене алмай отыр. Күнделікті тірлігін жасап, отбасын асырау үшін жұмысқа ерте аттанған ана, енді екі перзентінен айырылып қалды.

Новости

Реклама