Последнее обновление

(Время обновление 3 часа назад)
Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

Түркістан облысы, Келес ауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. 15 жастағы оқушы қыз көрші тұратын 71 жастағы зейнеткерден бала босанған. Қылмыс ашылғаннан кейін ашуға булыққан ауыл тұрғындары күдіктінің отбасынан ауылдан кетуді талап етіп, дүрбелең шығарды.

Orda.kz тілшісінің хабарлауынша, зорлық құрбаны болған мектеп оқушысының жағдайы ұзақ уақыт бойы жасырын болып келген. Ата-анасы қызының жүкті екенін тек жетінші айында бір-ақ білген. Сәби дүниеге келгеннен кейін ғана жасөспірім басынан өткен сұмдықты айтып берген.

Осыдан кейін отбасы дереу полицияға арызданған. Күдікті ретінде 71 жастағы көршісі ұсталып, ол тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған.

Қылмыстың беті ашылғаннан кейін бүкіл ауыл дүрлігіп, тұрғындар күдікті зейнеткердің үйіне жиналған. Олар қатты шу шығарып, күдіктінің отбасымен бірге ауылдан көшіп кетуін талап еткен.

Айта кетейік, бұған ұқсас оқиғалар еліміздің басқа өңірлерінде де орын алған. Бұған дейін Ақтөбеде дәрігерлер жүктілігін үш рет байқамаған 14 жастағы оқушының оқиғасы қоғамда үлкен талқыға түскен еді.

You Might Also Like

Новости

Реклама