Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Көпір құрылысындағы трос үзіліп, 12 жұмысшы мерт болды

Көпір құрылысындағы трос үзіліп, 12 жұмысшы мерт болды
Қытайда 12 адамның қазасымен аяқталған қайғылы жағдай болды. Көпір құрылысындағы трос үзіліп жұмысшылар көз жұмды, деп хабарлайды Infohub.kz.

Апат Қытайдың Цинхай провинциясында салынып жатқан теміржол көпірінде болған. Ұзындығы 108 метрлік трос үзілген. Құрылыс алаңында 16 жұмысшы болған. Қазіргі таңда 4 жұмысшы іздестіріліп жатыр.

Құтқару жұмыстарына 800-ден астам маман, арнайы техника, қайықтар мен тікұшақтар жұмылдырылды. Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап, жоғалғандарды іздестіру жұмыстарын күшейтті.

You Might Also Like

Новости

Реклама