2026 Todayinfo.kz — Барлық құқықтар сақталған
- 15 мая 2026 18:00
- 43
«Түрмеге жаптыра беріңдер!»: Қос миллиардерден қорықпайтынын айтқан емші
Танымал ақтөбелік емші Бағдагүл өзіне қарсы сотқа жүгінген продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап беріп, көпшіліктен қолдау іздеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желідегі жазбасында емші өзінің қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды қорғау жолында екенін айтып, оған қарсы бағытталған сындар мен сотқа жүгіну әрекеттеріне тосқауыл қоймайтынын мәлімдеді.
«Қазақ тілі үшін күресіп жүрмін. Қазақша сөйлегенім үшін маған қарсы шығып жатыр. Ана тілімізге құрмет болуы керек. Мені қорқытып, сотқа беріп жатыр. Бірақ шындықты айтудан еш қорықпаймын», – деді Бағдагүл емші.
Ол өзіне қысым көрсетіліп жатқанын жеткізіп, алдағы уақытта да өз ұстанымынан таймайтынын баса айтты. Емшінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.
-
Стали известны условия, которые должна выполнить бывший руководитель фонда Перизат Кайрат для получения права на условно-досрочное освобождение.
-
A well-known healer from Aktobe is standing firm against legal challenges from a producer and TV host, asserting her right to speak Kazakh and defend national values.