
Ushqyn.kz
- 29 мая 2025 17:36
- 57
Тұрсын Алагөзовтің бастамасы Құлыбаевқа ұнамай қалды ма? Ақпарат алаңында бақталастық байқалды
Тұрсын Алагөзовтің Алматыда 100 жұмысшысына пәтер тарту етуі қоғамда резонанс туғызды. Алайда бұл әрекет біреулердің көңілінен шықпағандай, деп жазады Әшкере.
Желіде Құлыбаевқа тиесілі медиа құрылымдар "нағыз жомарт – Тимур Құлыбаев" екенін дәлелдеуге тырысып жатқандай ақпараттық толқын басталды. Бірнеше күннің ішінде "Құлыбаев мұқтаж жандарға 1400 үй мен пәтер сыйлады" деген мазмұндағы материалдар жаппай жариялана бастады.
Мақсат – Алагөзовтің қадамын көлеңкелеу ме?
Бұл науқан Тұрсын Алагөзовке бағытталған мадақ пен қоғамдық қолдауды азайту үшін жасалып отыр деген пікір айтылуда. Құлыбаевтың аталған жомарттық әрекеті – 170 млн доллардың жылжымайтын мүлкі – дәл осы уақытта жария болғаны күмән туғызуда.
Қоғам қалай қабылдады?
Әлеуметтік желі қолданушылары Құлыбаевтың атымен көбіне офшор, Испаниядағы виллалар мен экономиканың түрлі салаларындағы монополия байланысты екенін еске салады. Сонымен қатар, оның байлығының қалай жиналғанын жұрт жақсы біледі дейді.
"Адал жомарттық па, әлде пиар?"
Сарапшылардың пікірінше, Құлыбаевтың осындай PR-қадамдары қоғамның сеніміне ие бола қоюы екіталай. Өйткені "Жаңа Қазақстан" кезеңінде оның бұрынғы күмәнді схемалары мен ықпалын халық ұмыта қойған жоқ.
Алагөзов – халыққа жақын, Құлыбаев – ақпараттық көлеңкеде
Тұрсын Алагөзовтің қарапайым жұмысшыларға жасаған көмегі шынайы ықылас ретінде қабылданды. Ал Құлыбаевтың жомарттығы жайлы мәлімдемелер бақталастық пен қызғаныштың көрінісі сияқты көрінеді.