Последнее обновление

(Время обновление 1 день назад)
Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағын сүрілуінен 300 адамжұмыссыз қалуы мүмкін

Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» саябағын бұзу әрекеті кәсіпкерлер мен әкімдік арасында дау туғызып отыр, деп хабарлайды Infohub.k,.

Кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері осы аумақта шағын бизнес жүргізіп, күнкөріс қамымен айналысып келген. Қала әкімдігі сүру жұмыстары үшін ауыр техниканы жібергенде, кәсіп иелері оған тосқауыл қойып, қарсылық білдірді. Жағдай ушығып, оқиға орнына полиция қызметкерлері тартылды.

Кәсіпкерлер не дейді?
Кәсіпкерлердің айтуынша, олардың қолында 4 гектар жерді 49 жылға жалға алу туралы заңды келісімшарт бар. Бұл мерзімнің аяқталуына әлі 19 жыл қалған. Соған қарамастан, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған әкімдік «жер заңсыз пайдаланылды» деген уәжбен сотқа жүгініп, нәтижесінде сот шешімі кәсіпкерлердің емес, әкімдіктің пайдасына шыққан.

Саябақтағы сауда орындары мен аттракциондарда 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Көпшілігінің банкте несиесі бар, ал табыстары осы кәсіпке тәуелді. Жұмыстары тоқтаса, әлеуметтік жағдайлары күрт нашарлауы мүмкін.

Кәсіпкерлердің уәжі
– Әкімдік бізді көшіргісі келсе, алдымен басқа жер тауып берсін. Бізге құрылыс жүргізіп, көшу үшін уақыт керек. Бір күнде кәсіптен айыру – әділетсіздік, – дейді кәсіпкер Айман Әшірбаева.

Әкімдік не дейді?
Қала әкімдігі саябақ орнында жасыл желек аймағын ашуды жоспарлап отыр. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, бұл жерде орналасқан 30 нысан заңсыз салынған. Алайда жер беру тәртібінің нақты қай бөлігі бұзылғаны туралы түсінікті жауап берілмеді.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов жердің бастапқыда дұрыс рәсімделмегенін алға тартқан.

Кәсіпкерлер үміті – әділ шешім
Әзірге кәсіпкерлер қала басшысы Ғабит Сыздықбековтен әділ әрі ымыралы шешім күтуде. Олар билік өкілдері бизнес иелерінің де пікірін ескеріп, мәселені келіссөз арқылы шешсе дейді. Өйткені бұл дау жүздеген отбасының тағдырына тікелей әсер етпек.

You Might Also Like

Новости

Реклама