Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Тұрсынбек Қабатовтың қызы: «Қазақша сөйлегенім өзіме де ұнамайды»

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару ана тілінде сөйлеуге қатысты өзінің жеке пікірін білдірді. Оның айтуынша, қазақша сөйлегенде акценті бар және бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудыруда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айарудың мәлімдемесі

Айару Тұрсынбекқызы өзінің Instagram парақшасында қазақ тіліне қатысты пікірін ашық айтты. Ол өзінің қазақша білетінін, бірақ сөйлегенде акценті бар екенін мойындады. Мектепте ағылшын тілінде оқығаны және достарының көбі орысша сөйлейтіні себепті ана тілінде еркін сөйлей алмайтынын жеткізді.

Қазақ тілінде сөйлеудегі қиындық

«Мен қазақ тілін білемін, қазақша сөйлеп, жазып, оқи аламын. Кішкентай кезімде 100 пайыз меңгерген едім. Бірақ мектепке барғалы ұмытып бара жатырмын. Себебі 1-сыныптан бастап ағылшын мектебінде оқыдым. Барлық достарым тек ағылшынша, орысша сөйлейді. Отбасымда қазақша сөйлессе де, мен орысша сөйлеуім мүмкін. Себебі маған қазақша сөйлеген ұнамайды, акцентім бар, ұмытып бара жатырмын», - деді Айару.

Желідегі пікірталас

Айарудың бұл сөздері желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырды. Көбі оның жауапкершіліктен қашатынын айтып, сынға алды. Алайда, кейбір қолданушылар оның жағдайын түсініп, қолдау білдірді. Ол өзіне «Қазақсың ба? Неге орысша сөйлейсің?» деген сөздердің қатты тиетінін де айтып өтті.

Новости

Реклама