Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
UFC жұлдыздары қазақстандық жанкүйерлерге таңдай қақты: «Мұндайлар әлемде жоқ»

UFC-дің атақты файтерлері, экс-чемпиондар Генри Сехудо мен Камару Усман аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің қай елде ең мықты екенін талқылап, Қазақстанның жанкүйерлерін ерекше атап өтті. Олардың айтуынша, қазақстандық жанкүйерлердің ынта-ықыласы мен қолдауы теңдессіз.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақстандағыдай жанкүйерлерді еш жерде көрген жоқпын»

Генри Сехудо өз YouTube арнасында жүргізген талқылауда Қазақстан жанкүйерлерін ерекше атап өтті. Ол: «Мен барлық жерде болдым. Бірақ Қазақстандағыдай жанкүйерлерді еш жерде көрген жоқпын. Оларды ешкіммен салыстыруға болмайды. Олар жай ғана жанкүйер емес, нағыз фанатиктер. Әлемде бұдан артық жанкүйерлер бар деп ойламаймын», - деп мәлімдеді.

Шавкат Рахмоновтың ықпалы

Камару Усман да Сехудоның пікірімен келісе отырып, қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жегі туралы естеліктерімен бөлісті. Ол Рахмоновпен кездесу мүмкіндігі туындағанда, әлеуметтік желілердегі қазақстандық жалаушалар мен комментарийлердің көптігінен өзінің мазасы кеткенін айтты. «Әр жазбамнан кейін 4000-5000 мыңдай комментарий келіп түсетін. Барлығы қазақстандық жалаушалар болатын», - деп еске алды Усман.

Бұған дейін де Генри Сехудо Шавкат Рахмонов пен Қазақстан туралы жылы пікір білдірген болатын. Қазақстанға келген сапарында ол Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында Рахмоновты UFC-де жақын арада чемпион болатынын болжаған еді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2024 жылы Камару Усманмен кездесуі мүмкін болған. Алайда, кейіннен Рахмоновтың қарсыласы ирландиялық Иан Мачадо Гэрри болып, қазақстандық файтер оны жеңген еді.

Новости

Реклама