Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Украина Ресейдің активтерін қайтаруға кірісті: Қазақстан сотының шешіміне Зеленскийдің жауабы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейден Украина активтерін қайтару жолындағы жұмыстарды күшейтуге ниетті. Бұл туралы ол Украинаның «Нафтогаз» компаниясының басшысы Сергей Корецкиймен кездесуінде айтты. Кездесудің басты тақырыбы – Ресейді әртүрлі юрисдикцияларда қаржылық жауапкершілікке тарту мәселесі болды. Осы ретте, Қазақстан сотының ресейлік «Газпромнан» 1,4 миллиард доллар өндіріп алу туралы шешімі ерекше назар аударды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан сотының шешімі – алғашқы жеңіс

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Қазақстан сотының бұл шешімі – бірінші инстанциядағы оң нәтиже. «Қазір Қазақстанның сот жүйесінде 1,4 миллиард долларға оң шешім бар. Бұл бірінші инстанция. Ресейдің біздің Қырымдағы украин активтерін ұрлағаны немесе жойғаны үшін әділ өтемақы алу мақсатында басқа да елдерде сот процестері жалғасуда. Қазірдің өзінде он юрисдикцияда ресейлік активтерді бұғаттау және өндіріп алу бойынша нақты нәтижелер бар. Сот жұмыстарын да ауқымдаймыз», - деді Украина басшысы.

«Газпромға» қатысты сот процесі

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының соты украиндық «Нафтогаз» компаниясына Қазақстан аумағында ресейлік «Газпромнан» 1,4 миллиард долларға жуық қаражатты мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат берген болатын.

Новости

Реклама