
- 07 июл. 2025 10:29
- 31
Ұлттық домбыра күні – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі
Шілденің алғашқы жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін атап өтті. Бұл — қазақтың рухани байлығын ұлықтап, ұлт болмысының өзегіне үңілетін мерейлі күн.
Қасиетті домбыра — халқымыздың тарихы мен тағдырын жеткізген, тектіліктің таңбасындай болып ұрпақтан ұрпаққа аманатталған ұлттық мұра. Осыған орай Ордабасы ауданында «Жастар рухы» ұйымының белсенділері тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, домбыраның қазіргі қоғамдағы маңызы туралы пікірлерді жинады. Сондай-ақ ұлттық аспапты насихаттап, жастарға рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар арқылы ұлттық сананың жаңғыруына, дәстүрлі өнердің қайта жандануына жол ашылады.
Домбыра үні әр шаңырақтан естіліп, ұлт руханиятының шамшырағына айнала бергей!