Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
"Ұлымды "балам" деп айта алмаймын": Жазира Байырбекова ұлының тойында көз жасына ерік берді

Танымал әнші Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың ұлы Қазбектің үйлену тойында болған сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Той үстінде әншінің айтқан сөзі көпшіліктің назарын аударды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әжесінің тәрбиесінде өскен ұл

Жазира Байырбекова той кезінде ұлын «балам» деп атай алмайтынын айтып, көпшілікті таң қалдырды. Әншінің айтуынша, Қазбек бала кезінен әжесінің қолында өсіп, сол кісінің тәрбиесін көрген.

«Қазбекті балам деп айта алмаймын. Ол – апамның баласы. Бір сұхбатта «балам» деп айтып қалып едім, кейін апам ренжіп қала ма деп сол жерін қиып тастауды өтіндім», – деп бөлісті әнші.

Желідегі пікірталас

Бұл сөздерден кейін Жазира Байырбекова эмоцияға беріліп, көз жасына ерік бергені көрінеді. Әншінің бұл әрекеті мен айтқан сөздері желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбіреулер мұны үлкенге деген құрмет ретінде бағаласа, енді бірі мұндай көзқарасты дұрыс емес деп сынға алды.

Әнші тойдан кейін отбасымен өткізген жылы сәттермен бөлісіп, келіні Асылыға қатысты ойын да білдірді. Ол келін түсіруді ана өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі санайтынын жеткізді.

Новости

Реклама