
Фото: freepik.com
- 25 авг. 2025 14:11
- 22
Ұлытауда жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығысып қала жаздады
Ұлытауда жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығысып қала жаздады
Кеше, 24 тамыз күні кешке Қызылжар-Түйемойнақ аралығында Жезқазғаннан Астанаға келе жатқан жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып қала жаздады, деп хабарлайы Infohub.kz.
Пойыз машинисті пойызды шұғыл тежеп үлгерген.
«24 тамызда сағат 21:38 - де № 107 жолаушылар пойызының машинисі Жезқазған — Астана бағытындағы пойыз жолда тұрған жүк вагонын байқап, оған 300 метр қалғанда тежегішті басқан», деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бірақ кейбір жолаушылар жеңіл жарақат алған.
Сағат 23: 14-те пойыз жұмысын қайта жалғастырды. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтайтын болды.