Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Илья Ильин жетім баланың болашақ білімі үшін ақша төлеп қойды

Ауыр атлет Илья Ильин Астанадағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 13 жастағы Владимир Мигуновтың атына білім алу депозитін ашып берді.

Айта кетейік, бұған дейін Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы, боксшы Серік Сәпиев пен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит те жетім балалардың атына атаулы білім депозитін ашқан болатын.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығының» баспасөз қызметінен хабарлағандай, Илья Ильин жетім балалардың атына атаулы білім депозитін ашуға болады деген ақпаратты ести сала, қайырымды іс жасауға асыққан.

«Илья Ильин Владимир есімді баламен бірден тіл табысып кетті. Сондықтан да, таңдауы осы балаға түскен шығар. Білім депозитін ашуға керекті құжаттарды толтырып, депозитке алғашқы жарнаны салғаннан кейін, Ильин енді осы баламен үнемі байланысып тұратынын айтты»,-деп хабарлап отыр «Қаржы орталығының» баспасөз қызметінен.

«Владимирге қолымнан келгенше көмек көрсетіп отырамын. Енді мен сенің болашық біліміңе ғана жауапты емеспін, сонымен қатар, саған үлгі болып, өмірде дұрыс жол сілтеуім керек. Саған қолымнан келгенше көмек көрсетуге тырысамын», - деді Илья Владимирмен әңгіме барысында.

Өз кезегінде, Владимир Мигунов ауыр атлет Илья Ильинға жақсы оқимын деген уәдесін берді.

Айта кетейік, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - бұл жаңа қаржылық құрал. Осы құралдың арқасында Қазақстанның кез келген азаматы білім беру депозитін аша алады.


You Might Also Like

Новости

Реклама