Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Ырысбала Икрамбайдың төртінші баласына диагноз қойылды: Блогердің жүрегі қан жылап отыр

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай отбасыдағы жағдайды ашық айтып, көрермендерін толқытты. Блогердің сөзінше, соңғы уақытта көңіл күйінің тұрақсыздығы байқалып, себебін түсінбей жүргендерге жауап берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баланың денсаулығына алаңдау

Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде видео жариялап, төртінші баласы Расулдың денсаулығына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Ол бұған дейін бір баласына «ЗПР» (дамуындағы тежеліс) диагнозы қойылғанын айтты. Жақында Расулды атымен шақырғанда, еш назар аудармағанын байқап, бірден дәрігерге апарған. Дәрігердің «өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой» деген сөзінен кейін блогердің көз жасы көл-көсір болған.

Қиын кезеңді бастан кешу

«Жүрегім ауырады» деген Ырысбала, қазіргі уақытта екінші баласының денсаулығын жақсарту үшін ем-доммен айналысып жатқанын жеткізді. Блогердің бұл жазбасы көпшіліктің ықыласын аударып, желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудыруда.

Новости

Реклама