Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Израиль азаматтары енді Мальдив аралдарына кіре алмайды

Мальдив аралдары үкіметі Израиль азаматтарының елге кіруіне тыйым салуға шешім қабылдады. Бұл шешім Израильдің Газа секторындағы ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстар мен қырғындарға наразылықтардың артуына байланысты қабылданды.

Мальдив аралдары президенттік аппаратының мәлімдемесіне сәйкес, Министрлер кабинеті Израиль төлқұжаты бар адамдардың елге кіруіне жол бермеу үшін заңды өзгерту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, заңдағы өзгерістерді бақылап, қадағалайтын шағын комиссия құру жоспарлануда.

Мальдив аралдары президенті Мұхаммед Муиззу Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Таяу Шығыс Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігімен (UNRWA) қайырымдылық науқанын бастауға және осы мәселе бойынша арнайы өкіл тағайындауға шешім қабылдады.

Муиззу сондай-ақ Палестинаға қолдау көрсету мақсатында ел көлемінде «Мальдив аралдары Палестинамен ынтымақтасуда» деген ұранмен ұлттық шеру ұйымдастыруға дайындалуда.

Израильдің Газа секторына 7 қазан күнінен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар саны 37 мыңға жетті.

You Might Also Like

Новости

Реклама