Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Зорлық-зомбылықсыз күн
Сабақтың тақырыбы: Зорлық - зомбылықсыз күн
МАҚСАТЫ:
• Зорлық - зомбылық дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіру;
● адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
• әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу
• құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
• өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;
• оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.
• Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік,
• көмек беру, достық, жақсылық, ар - ұят,
• қызмет ету, имандылық, инабаттылық,
• елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты
• ұстанымдары екенін ұғындыра отырып,
• оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Қажетті құрал - жабдықтар: интерактивтік тақта, тақырып жазылған плакаттар, сөздер

Міндеттер:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі тақырыбымыз бәрімізге таныс. Ендеше мен сабағымызды мынадай бір шағын әңгімеден бастағым келіп тұр. «Сырғанақта»
Күн жылы еді. Мұз айдыны жарқырап тұр. Бірақ мұз айдынында адамдар аз еді. Бір кішкентай қыз бір орындықтан екіншісіне қарай аяқ басып, сырғанақ теуіп жүр.
Мұрат болса, мұз айдынында біресе бір аяғымен сырғанап, біресе шыр көбелекше айналып, түрлі әдістермен сырғанақ теуіп жүр.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
Андас батыр ауылы, №3 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі: Абдуллаева Сымбат Жайылхановна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Новости

Реклама