Ақмола облысының тұрғыны Алматыдан пәтер жалдамақ болып, алаяқтың құрбаны болды. Күдіктіні полицейлер анықтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақмола облысы полиция департаментінің Instagram парақшасында мәлім еткендей, 36 жастағы жергілікті тұрғын Алматыдан баспана жалдау кезінде ақшасынан айырылып, құқық қорғау органдарына шағымданған. Өңірде осындай үш факті тіркелген.
«Зардап шеккен әйел OLX платформасынан Алматыдағы пәтерді жалға беру туралы хабарландыру тапқан. Ұсынылған нұсқа оған ұнаған соң, ол WhatsApp арқылы жалға берушімен байланысып, алдын ала төлем жасаған. Кейін әйел хат-хабардың жойылғанын, ал хабарландыруды орналастырған адамның байланысқа шықпай қойғанын байқаған. Алдын ала төлем сомасы салыстырмалы түрде аз болғанымен, зардап шеккен әйел үшін ол айтарлықтай болды», — деді полицияда.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, ол кінәсін мойындады.
«Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, күдіктінің басқа да осыған ұқсас эпизодтарға қатысы тексерілуде», — деп қосты облыстық полиция департаменті.
Полицейлер азаматтарды интернеттен баспана іздегенде сақ болуға шақырады: пәтердің бар екеніне және оны жалға ұсынып отырған адамның өкілеттілігіне көз жеткізбейінше, алдын ала төлем жасауға болмайды.


