Ақмола облысында 25 жастағы ер адам туысының атына кредит рәсімдеді деп күдікке ілінді: әйел 2 млн теңге қарызы туралы банктен еске салу қоңыраулары келе бастағаннан кейін, бір жылдан соң ғана білді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ-нің облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, әйелдің арызы полицияға 2 қазанда түскен. Оның айтуынша, 2025 жылы өз атына рәсімделген 2 млн теңге көлеміндегі кредит туралы ол банктен берешек жөнінде еске салу қоңыраулары келе бастағаннан кейін, бір жылдан соң ғана білген. Алайда әйелдің өзі ешқандай кредит рәсімдемеген.
Тексеру барысында полицейлер оқиғаға оның 25 жастағы жиенінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Былтыр жас жігіт тәтесінен банк қосымшасына қолжетімділігі бар телефонды жеке пайдалану үшін деп сұрап алған. Алдауға күдіктенбеген әйел құрылғыны оған берген.
Полицейлердің анықтауынша, ер адам бірнеше ай бойы кредит төлемдерін төлеп жүрген, алайда кейін берешекті өтеуді тоқтатқан. Соның салдарынан әйел қарызы туралы банктен қоңыраулар келгеннен кейін ғана білді.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


