Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХІІІ ғ. басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі жайлы жан-жақты
түсінік беру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен сезінуге баулу.
Дамытушылық: Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру, ой-өрістерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, кино дерек, мультимедия.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: тірек кесте, сұрақ – жауап, жеке жұмыс, кино дерек
мәліметін талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау – Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.
1. Қожа Ахмет Иасауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген. (870 -950)
3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)
5. Қожа Ахмет Иасауидің қандай шығармаларын білесіңдер. («Диуани – и хикмет »)
6. «Диуани лұғат ат - түрік» еңбегінің авторы. (Махмуд Қашқари)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – баяндау әдісі.
Жоспары:
1. Монғолия империясының құрылуы.
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
4. Жаулап алудың зардаптары.
5. Ұлыстардың құрылуы.
IV. Жаңа сабақты меңгерту.
а) Ұғымдардың мәнін табу.
«Жасақ» («Яса») – заң жинағы.
«Құрылтай» - жылына бір рет болатын кеңес.
«Барунгар» - оң қанат.
«Кул» - орталық қанат.
«Мыңбасы» - бір мың әскердің басқарушысы.
«Жүз» - бірнеше ұлыстың бірігуі.
«Хан» - тайпа көсемі, мемлекет билеушісі.
«Ұлыс» - бөліп берілген жерлер.
б) Хронология мен тарих оқиғаны сәйкестендіру. Сандарды сөйлетейік.
1. 1162 – Есугейдің қаза табуы.
2. 1171 – Темучин монғол тайпаларының билеушісі болды.
3. 1220 – Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы.
4. 1189 – Темучин дүниеге келді.
5. 1227 – Темучиннің Шыңғысхан атануы.
6. 1206 – Отырардың жау қолына көшуі.
V. Кім тапқыр ойыны: Сабақты пысықтау бөлімі.
1. 10 Шыңғысханның ең үлкен ұлы. (Жошы)
2. 10 Монғол мемлекетінің құрамында қандай тайпалар болды.
(найман, керей, жалайыр)
3. 10 «Жасақ» (Яса) заңы неше бөлімнен тұрады. (екі бөлімнен тұрады)
4. 20 Шыңғысханның әкесі кімдердің қолынан қаза тапты. (татарлардың)
5. 20 1218 ж. қай қала монғолдарға соғыссыз берілді. (Баласағұн қаласы)
6. 20 Шыңғысхан қашан, қай жерде туылды. (1162 ж. Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келді.)
7. 30 Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілікке билікке бөлінді. (95 түменге)
8. 30 Монғол мемлекетінің орталығы болған қала. (Қарақорым)
9. 30 Шыңғысхан Қазақстан жерін неше ұлысқа бөлінді. (Үш ұлысқа бөлінді)
VI. Бағалау:
VII. Үйге тапсырма: §21 Танымдық кесте толтыру.
Жаулап алудың зардаптары.
Қалалар
Елді мекен
Мәдениеті
Шаруашылығы
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу.
Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз787 қаралым
#тарих#монғолдардың қазақстан жерін жаулауы
Ұсынылады
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
Римде X ғасырдың 20 англосаксон монетасы табылды
Римде археологтар X ғасырдың 20 англосаксон монетасын тапты. Олжа Англиядан келген қоныстанушылардың Рим Папасының рұқсатымен өз валютасымен төлегенін растайды.
Алаш Ордабай·2026 ж. 2 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

