Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Роман Старченко Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатының алдында Қазақстанның ерлер хоккей құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Турнир 5-8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай командалары.
Азия чемпионатының алдыңғы екі жарысында Қазақстан құрамасы «алтын» жеңіп алды: 2024 жылы команда Алматыдағы өз айдынында чемпион атанса, 2025 жылы Бейжіңде титулын қорғап қалды.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы екінші жыл қатарынан Талғат Жайлауов болып отыр. Онымен бірге хоккейшілерді дайындауға Роман Старченко да қосылды. Ол үшін Азия чемпионаты жаңа рөлдегі дебют болады.
Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әрі Қазақстанның ең тәжірибелі хоккейшілерінің бірі көп жылдар бойы елді халықаралық аренада таныстырды. Енді ол хоккейдегі жолын ойын алаңынан тыс жерде — ұлттық құрама жаттықтырушысы ретінде жалғастырады.


